Футбол

Шпилевский "Қайраттан" кетті. Ол германиялық клубтың бас бапкері болады

  • https://prosports.kz/

    https://prosports.kz/

Алексей Шпилевский алматылық "Қайрат" командасынан кетті. Бұл туралы Матч ТВ арнасының комментаторы Роман Нагучев Твиттер парақшасында жазды. 

"Керемет жаңалық естідім. Алексей Шпилевский "Қайраттан" кетіп, екінші бундеслиганың бас бапкері болады. Ол енді Германияда жұмыс істейді. Мұны 11 маусымда хабарлауы тиіс. Біз Леша екеуміз доспыз. Сондықтан ол үшін қуаныштымын. Ол мұндай мүмкіндікті бұрыннан қалады", - деп жазды Роман Нагучев. 

Ал "Тень отца Гурмана" телеграм-каналының ақпараты бойынша, ол германиялық Аэу-Бад-Шлем қаласының "Эрцгебирге" командасының бас бапкері болады екен. 

Бірақ клуб тарапынан да, бапкер тарапынан да бұл ақпарат әлі расталған жоқ 

 
Айта кетейік, 33 жастағы беларусь маманы "Қайраттың" тізгінін 2018 жылдың қараша айында ұстады. 2020 жылы ол "Қайратпен" Қазақстан чемпионы атанды. Биыл команда үшінші сатыда. Көш басында келе жатқан "Астана" командасынан 10 ұпай қалып келеді. 

kaz.vesti.kz




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 00:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31