Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Сити" манчестерлік дербиде "Юнайтедті" ұтып, англиялық клубтар рекордын орнатты (видео)

25 сәуір 2019, 12:17

"Манчестер Сити" футболшылары Англия премьер-лигасының кейінге шегерілген 31-ші турында "Манчестер Юнайтедті" ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу "Олд Траффорд" стадионында өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. "Сити" сапында Бернарду Силва (54-ші минут) және Лерой Зане (66-шы) гол салды.

Осылайша, "Манчестер Сити" Англия чемпионатындағы жеңіс сериясын 11-ге жеткізді. Пеп Гвардиоланың командасы 89 ұпай жинап, турнир кесетесінде қайтадан бірінші олрынға көтерілді ("Ливерпуль" 88 ұпаймен екінші орынға түсіп қалды). "Манчестер Юнайтед" (64) алтыншы.

Сонымен қатар, "Сити" маусымдағы барлық турнирде соққан голдар санын 157-ге жеткізіп англиялық клубтар рекордын жаңартты. Мұның алдындағы рекорд - 156 гол "Манчестер Ситиге" тиесілі болған, бұл 2013/14 маусымнда команданы Мануэль Пеллегрини жаттықтырған уақытта болған.