Словакияда футбол ойыны кезінде жаппай төбелес болды (видео)

18 қазан 2021, 23:14

Словакияда футбол матчы кезінде жанкүйерлер жаппай төбелес ұйымдастырды. Оқиға жергілікті клубтардың кездесуі кезінде болған.

 

Ойынның 15-минутында екі команданың жанкүйерлері алаңға жүгіріп шығып, бір-бірімен төбелескен. Матч  тоқтатылып, полицейлердің көмегі қажет болды.

 

Оқиға салдарынан бір адам жарақат алды.

 

Бас төреші ойын әрі қарай жалғаспайтынын жария етті.

 

Енді осы мәселеге қатысты арнайы жиналыс өтеді.