Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Смаков Исламханның болашағына қатысты пікір білдірді

17 желтоқсан 2022, 10:53

"Елімай" клубының бас бапкері Самат Смаков Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның семейлік командаға ауысуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Исламхан бірінші лигаға келмейді. Ол алаңға екі жыл шықпаса да деңгейін жоғалтқан жоқ. "Елімайға" келуі үшін оның айлығы жақсы болу керек. Сондықтан бізге келеді деп ойламаймын", - дейді Смаков.

 

Еске салайық, Бауыржан Исламхан допинг дауына қатысты екі жылдық үзілістен кейін қараша айында үлкен футболға қайта оралды. Ұлттық құрама сапында Өзбекстан мен БАӘ қарсы жолдастық матчта алаңға шықты.

 

Қазіргі таңда жамбылдық ойыншыға "Ақтөбе" мен "Қайрат" клубтары қызығушылық танытуда.