Сот төрт қызды зорлады деген футболшыныі бостандыққа шығарудан бас тартты

12 қазан 2021, 00:58

Ливерпуль қаласының соты Патрик Томпсон төрт қызды зорлады деп айыпталып жатқан "Манчестер Сити" қорғаущысы Бенжамин Мендиді кепіл төөлесе де бостандыққа шығарудан бас тартты. Бұл туралы The Mirror хабарлады.

 

Франциялық қорғаушыға 2020 жылдың қазан айын мен 2021 жылдың тамызы аралығында төрт қызды зорлады және бір қызға қырыңдады деген айып тағылуда. Бұл айыптардың барлығы Мендиге 26 тамызта тағылған болатын.

 

Қорғаушы осымен үшінші рет кепіл төлеп, тырысқан еді. Бірақ сот бұл жолы да оны бостандыққа шығарудан бас тартты. Енді Бенжаминнің ісіне байланысты сот отырысы 2022 жылдың 24 қаңтарында өтеді.

 

Айта кетейік, тамыз айында "Манчестер Сити" Мендиді командадан шеттеткені туралы хабарлады. Ол ағылшындық команда сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оған дейін Бенжамин "Гавр", "Марсель" және "Монако" командаларының намысын қорғаған.

 

 

 

kaz.vesti.kz