Футбол

"Таразды" алдап кеткен легионер қазақстандық басқа клубқа қосылды

  • ©

    © "Оқжетпес" ФК

Бразилиялық жартылай қорғаушы Жоан дос Сантос Мартинс "Оқжетпес" сапына қосылды, деп хабарлайды көкшетаулық клубтың баспасөз қызметі.

 

Жаңа ойыншы Анталияда екінші оқу-жаттығу жиындарында жүрген командаға қосылды. Футболшымен келісім 2020 жылдың соңына дейін есептелген.

 

Айта кетейік, өткен аптада Мартинс өзге қазақстандық клуб сапында жүрген. "Тараз" ойыншымен келісімшарт ұзартуға үмітті еді. Алайда бразилиялық ұнамсыз іс жасаған. Ол таңғы асын командамен бірге ішіп, түс кезінде ештеңе айтпастан кетіп қалған.

 

Кейін Мартинс "Оқжетпеспен" жасырын түрде келісімшартқа қол қойғаны белгілі болды.

 

Бразилиялық футболшы карьерасын 2013 жылы португалиялық "Санжоаненсе" сапында бастаған. 2015 пен 2017 жылдар аралығы Португалияда "Униан Мадейра", ал 2017 мен 2019 жылдары "Пасуш де Феррейра" командасында ойнады. 2019 жылғы маусымда Мартинс "Таразға" келіп, Қазақстан премьер-лигасында 31 матч өткізген.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 218    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.01.2020, 16:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30