Футбол

«Тоттенхэм» командасының бас бапкері қызметінен кетті

  • ФОТО/eurosport.ru

    ФОТО/eurosport.ru

Лондонның «Тоттенхем» футбол клубы бас жаттықтырушы Жозе Моуриньюді отставкаға жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

 

Клуб басшылығы команданың осы маусымдағы жетістіктеріне көңілі толмады. Қазір команда «Премьер-лигада» жетінші орында.

 

58 жастағы португалдық жаттықтырушы 2019 жылдың қараша айынан бастап аргентиналық Маурисио Почеттиноның орнын алмастырып команданы басқарды.

 

Моуриньомен бірге оның жаттықтырушылар штабының мүшелері — Жоао Сакраменто, Нуну Сантуш, Карлос Лалин және Джованни Серра да командадан кетеді.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары Моуриноның ізбасарлары ретінде «Лейпцигтің» бас бапкері Юлиан Нагельсман мен қазір «Лестер Ситиді» басқарып отырған Брендан Роджерсті атауда.

 

Әзірге команданы «Тоттенхэм» футбол мектебінің тәрбиеленушісі Райан Мейсон жаттықтырады.




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 07:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31