Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА клубынан құттықтау қабылдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін, 2 сәуір күні қазақстандық футболшы 24 жасқа толған туған күнін атап өтуде.
"Туған күніңмен, @bateka_11! ЦСКА жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновты туған күнімен құттықтаймыз!", - делінген клубтың ресми Instagram парақшасында.
Бүгін сонымен қатар, мәскеулік ЦСКА командасының бапкерлік штабында қызмет ететін Григорий Бабаянның да туған күні. "Астананың" экс-бас бапкері 42 жасқа толып отыр.