Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Тізімде Месси жоқ": Әлемдегі ең қымбат он футболшының кім екені белгілі болды

24 желтоқсан 2022, 16:00

Футболдан Катардағы біріншілік аяқталған соң әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңарды. Үздік ондықтың қатарында Аргентина құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Лионель Месси жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Transfermarkt нұсқасы бойынша, қазіргі уақыттағы ең қымбат футболшы - Франция құрамасы мен "ПСЖ" шабуылшысы Киллиан Мбаппе. Оның нарықтағы бағасы 180 миллион еуроны құрайды. Екінші орынға Норвегия мен "Манчестер Сити" сұрмергені Эрлинг Холанд жайғасқан. Оның "бағасы" Мбаппеден он миллион еуроға арзан. Үздік үштікті Бразилия мен "Реал Мадрид" шабуылшысы Винисиус Жуниор (120 миллион еуро) қорытындылап тұр. Катардағы Әлем біріншілігінен соң Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің нарықтағы бағасы жиырма миллион еуроға көтерілген. Рейтингтің төртінші сатысында тұрған жас ойыншы 110 миллион еуроға бағалануда. Бесінші орындағы Англия құрамасы мен "Манчестер Ситидің" шабуылшысы Фил Фоденнің құны Джуд Беллингеммен бірдей. Айта кетейік, ең қымбат он футболшының қатарында Педри (Испания), Мусиала (Германия), Сака (Англия), Вальверде (Уругвай), Гави (Испания) бар. 

KAZ.NUR.KZ