Футбол

УЕФА ЧЛ: «Қайраттың» алғашқы қарсыласы анықталды

  • https://www.footboom.com/

    https://www.footboom.com/

Швейцарияның Ньон қаласында UEFA Чемпиондар лигасы алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Биыл аталған турнирге еліміздің атынан Алматының «Қайрат» командасы қатысады.

 

Алматылық клуб алғашқы іріктеу кезеңінде Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасымен шеберлік байқасады. Командалар екі ойын өткізіледі.

 

«Қайрат» алғашқы ойынын 6/7 шілдеде сырт алаңда өткізсе, 13/14 шілдеде қарсыласын өз алаңында қабылдайды.

 

Жеңімпаз Чемпиондар лигасы екінші кезеңіне жолдама алады. Оған жеребе 16 шілдеде тартылады.

 

Айта кетелік, алматылық клубқа бұдан бұрын ықтимал қарсыластар ретінде «Шахтер» Солигорск (Беларусь), «Нефтчи» (Әзербайжан) және «Теута» (Албания) командалары аталған еді.

 

«Қайрат» аталған турнирде екінші мәрте бақ сынағалы отыр. Бұдан бұрын 2005 жылы бірінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Артмедиа» клубына жол берген болатын.

 

 




Көрілген: 255    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 17:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30