Футбол

УЕФА қазақстандық клубты Еуропа лигасынан шеттетті

  • ©

    © "Ордабасы" ФК

Шымкенттік "Ордабасы" 2020/21 және 2021/22 жылғы маусымдарда еурокубоктардан шеттетілді, - деп хабарлайды   Vesti.kz УЕФА ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық клуб қаржылық Fair Play ережесін бұзғаны үшін жазаланды, сондай-ақ оларға 100 мың еуро айыппұл салынды. Егер "Ордабасы" 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін кредиттік қарыздар ретінде көрсетілген соманы төлегенін дәлелдей алса, жазадан құтылады.

Осылайша, "Ордабасы" келер жылы Еуропа лигасында ойнамайды. Шымкенттік клуб ҚПЛ-дың қола жүлдесін еншілеген еді.

Еске салсақ, 2018 жылы да "Ордабасы" салық бойынша қарыздары үшін Еуропа лигасынан шеттетілген - сол кезде шымкенттіктердің орнына еурокубокқа "Тобыл" қатысқан болатын.

Айта кетсек, "Ордабасыдан" бөлек, словениялық "Олимпияға" 75 мың, сербиялық "Црвена Звездаға" 50 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.

УЕФА қаржылық Fair Play ережесін 2011/12 жылғы маусымда енгізген. Оның мақсаты - қаражатты дұрыс жұмсау және шығындарды көбейтпеу.

 




Көрілген: 784    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.12.2019, 18:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31