УЕФА мықты клубтар үшін жаңа турнир ұсынды

15 маусым 2022, 19:43

УЕФА Чемпиондар лигасының қатысуымен жаңа турнир ұсынды, деп жазады L'Equipe басылымы. Бұл турнирдің қайда өтетіні де белгілі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа турнирге төрт команда қатысады. Чемпиондар лигасы жеңімпазынан бөлек мықты деген тағы үш клуб шақырту алады.

 

Командалар екі жартылай финалдық ойын, үшінші орын үшін талас және финалдық матч өткізеді.

 

Аталған турнир 2024/25 жылғы маусымнан бастап АҚШ жерінде өткізеді делінген.