Футбол

УЕФА өткен маусымдағы ең үздік голдың авторын анықтады

  • https://wallpapers.99px.ru

    https://wallpapers.99px.ru

Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) испаниялық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессидің 2018/19-маусымында ұйымның қамқорлығымен өткізілген матчта англиялық «Ливерпульдің» қақпасына соққан голын үздік деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Бұл туралы УЕФА-ның баспасөз қызметі мәлім етті.

Месси өткен маусымдағы ең үздік голдың авторы атанды

Месси Чемпиондар лигасының жартылай финалының Ливерпульге қарсы (3:0) бірінші матчында айып добын соқты. Аргентиналық бұл марапатты соңғы бес жылда үш рет иеленді.


Екінші орынды италиялық «Ювентустың» португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің матчында ағылшындық «Манчестер Юнайтедтің» (1:2) қақпасына салған голы үшін алды.


Үшінші орында португалдық Данилу тұр. Ол 2020 Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің матчында Сербия командасының қақпасына (1:1) доп салды.


Месси «Барселона» құрамында Испанияның он дүркін чемпионы, Испания Суперкубогының сегіз мәрте иесі, Испания Кубогының алты дүркін иесі, Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы, УЕФА Суперкубогының үш дүркін иесі және клубтық әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанған. Сонымен қатар аргентиналық футболшы «Алтын допты» бес рет еншіледі.


 




Көрілген: 1026    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 22:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Маусым, 12:07
    ПСЖ Неймарды сатпақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31