УЕФА ресейлік командаларды футбол чемпионаттарына қатыстырмайды

03 мамыр 2022, 08:28

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы УЕФА ресейлік клубтарды 2022-2023 маусымында Еуропа турнирлеріне қатысудан шеттетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл жерде әңгіме биылғы Ұлттар лигасы, Еуропа лигасы, 2023 жылғы Еуропа жастар кубогы мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жайында болып отыр.

Дисквалификация үшін еурокубокқа команда іріктеу сызбасы өзгерді.

Мысалы Ұлттар лигасында ресейлік құрамаға мерзімінен бұрын топтағы соңғы орын беріледі және бүкіл командалар арасындағы класы кезең-кезеңімен төмендейді.

Әйелдер арасындағы Еуро-2022 чемпионатына Ресейдің орнына Португалия қатысады.

Ресейлік командалар мен ұлттық құрамалардың ойыннан қанша уақытқа аластатылғаны белгісіз. Оның үстіне Ресейдің Еуро-2028 және Еуро-2032 кубоктарын өткізуге берген өтініші жауапсыз қалды.

УЕФА өз шешімін түсіндіре келе одақтың, басқа үміткерлер мен жалпы Еуропа футболының абырой-беделіне нұқсан келуіне жол бермейтін ережелерді басшылыққа алғанын айтады.

Ресей футбол одағы бұл шешіммен мүлде келіспейтінін және Спорт арбитраж сотына арызданатынын мәлімдеді.