Футбол

УЕФА Роналду мен Погбаның әрекетінен кейін мәлімдеме жасады

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

УЕФА Еуропа чемпионатында өнер көрсетіп жатқан ойыншылардан баспасөз конференциясында демеушілердің құтысына тиіспеуді талап етті, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

 

Сондай-ақ УЕФА өкілдері турнирге қатысушыларға демеушілік шаралар турнирдің және футболды дамытудың ажырамас бөлігі екенін ескертіп, демеушілерге құрметпен қарауға шақырды.

 

«Демеушілік турнир үшін де, Еуропа футболы үшін де маңызды», - деді Еуро-2020 турнирінің директоры Мартин Каллен.

 

Мартин Каллен ойыншыларға баспасөз конференциясындағы әрекеті үшін УЕФА тарапынан айыппұл салынбайтынын мәлімдеді.

 

«Демеушілерге қатысты келісімшарттық міндеттемелер - Еуро турнирінің ережесінің бөлігі. УЕФА ойыншыларға тікелей жаза қолдануды көздемейді», - деп түсіндірді Мартин Каллен.

 

Еске салайық, жақында Португалия ұлттық құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду баспасөз конференциясында демеушілер ұсынған Coca-Cola сусынын үстелден алып тастап, оның орнына су ішуге шақырды.

 

Арада бірер күн өткенде Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Поль Погба демеушілер ұсынған Heineken сусынын (сыра) алып тастады.

 

 

 

 

 




Көрілген: 743    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 11:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30