UEFA Ұлттар лигасы аясында Қазақстан Словакияны жеңді

07 маусым 2022, 08:37

Қазақстан құрамасы 2022 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы екінші ойынын Словакияға қарсы өткізді. Бұл туралы 24.kz тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Словакияда өткен матчта Қазақстан құрамасы сенсация жасап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

 

Матч тағдырын шешкен жалғыз голды алғашқы таймда Аслан Дарабаев соқты. 

 

Айта кетейік, Магомед Адиев шәкірттері бұған дейін Әзербайжан құрамасынан 2:0 есебімен басым түскен еді. 

 

УЕФА. Ұлттар лигасы. С тобы  Словакия - Қазақстан - 0:1 (0:1)