Украина әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шыға алмады

06 маусым 2022, 09:11

Украина құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатына іріктеліп шыға алмады. Тоғыспа ойындардың финалында бұл құрама Уэльстен ұтылып қалды, деп жазды Vesti.kz. 

 
Кардифф (Уэльс) қаласында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 34-минутта Гарет Бэйлдің асырған пасынан кейін Андрей Ярмоленко өз қақпасына соқты. 

Негізі бұл кездесуде Украина бірінші болып есепті ашқан еді. 3-минутта Александр Зинченконың айып добынан соққан кездесуін испаниялық төреші Матеу Лаос есепке алмады. Ал 40-минутта қазы Ярмоленкоға қарсы ойын ережесі бұзылған кезде, пенальти бермеді. 

Осылайша, Уэльс Еуропа құрлығынан соңғы, 13-ші жолдаманың иегері атанды. Енді Катарда бұл құрама "В" тобында Англия, АҚШ және Иран құрамаларымен бір топта ойнайды.