Ұлттар лигасы: Испания Италияны ұтып, финалға шықты (видео)

07 қазан 2021, 09:54

Футболдан Испания құрамасы Ұлттар лигасының финалына шыққан бірінші команда болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

 

1/2 финал матчінде испаниялық команда сырт алаңда Италияны ұтты. Миланда өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды.

 

Испания құрамасында Ферран Торрес дубль жасады. Алдымен 17-минутта есеп ашқан Торрес бірінші таймның соңғы минутында тағы бір гол салып үлгерді. Тура осы гол алдында Италия құрамасының қорғаушысы Леонардо Бонуччи алаңнан қуылды. Азшылықта қалған алаң иелері 83-минутта Лоренцо Пеллегринидің күшімен бір гол соқты.

 

 

Испания командасының Ұлттар лигасы финалындағы қарсыласы бүгін анықталады, 8 қазанға қараған түні Туринде өтетін Бельгия - Франция матчінде. Ойынның басталуы 00:45.