Футбол

Ұлттар лигасындағы дубль Роналдуды тарихта қалдырды

  • Сурет: uefa.com

    Сурет: uefa.com

Португалия құрамасы Ұлттар лигасында Швеция командасынан басым түсті.

 

Стокгольмдегі "Френдс-Арена" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Бұл ойында Криштиану Роналду дубль жасады (45 және 72-ші минут).

 

Швециялық команда 44-ші минутта азшылықта қалған еді. Густав Свенссон екі рет сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

 

Бұл Роналдудың ұлттық құрама сапындағы 100 және 101-ші голдары. Одан көп Иран құрамасының бұрынғы шабуылшысы Али Даеи ғана салған (109 доп).

 

Осылайша, Роналду еуропалық футболшылар арасында құрама үшін голдар санын 100-ге жеткізген бірінші ойыншы болып отыр.

 

Екінші Венгрия құрамасының бұрынғы ойыншысы Ференц Пушкаш - 84 гол.

 

kaz.vesti.kz

 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 15:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қыркүйек, 17:12
    Месси ауыр сынға ұшырады
    25 Тамыз, 18:16
    Мессиді сатып алмақ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31