Футбол

Зайнутдинов ЦСКА командасынан кете ме?

  • https://www.sport-express.ru/

    https://www.sport-express.ru/

Бахтиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков футболшының ЦСКА командасы сапынан кетуі мүмкін деген сыбысқа байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

 

Бұған дейін ЦСКА сапында аз ойнап жүргеніне байланысты Зайнутдинов мәскеулік командадан кетеді деген ақпарат шыққан еді. Бірақ агент бұл мәліметті жоққа шығарды.

 

"Бұл ақпарат, бұл сыбыс - шындыққа жанаспайды. Бахтиер - ЦСКА ойыншысы. Оның командамен ұзақ мерзімге жасаға келісімшарты бар. Ол ешқайда ауыспайды.

 

Зайнутдинов жарақатынан айығып, аздап алаңға шығып жүр. Біз мұны әу баста солай жоспарладық. Ол жарақатынан кейін 90 минут ойнай алмайды. Ақырындап-ақырындап қалпына келіп алса, сосын негізгі құрамға ілінетін шығар. Команда Бахтиерге қатты сенім артып отыр.

 

Ұлттық құрамада да ол 30 минуттан ойнады. Мұны да біз бас бапкермен ақылдасып шештік", - деді Новиков Sport24 порталына берген сұқбатында.

 

Еске салайық, әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Бония және Герцоговина құрамасына қарсы өткен ойында Зайнутдинов алаңға 57-минутта кіріп, 95-минутта айып добынан гол соғып, таразы басын теңестірді.

 




Көрілген: 426    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 00:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31