Зидан қай команданың тізгінін ұстайды

10 маусым 2022, 19:22

Зинедин Зидан жуық арада ПСЖ командасының тізгінін ұстайды. Бұл туралы vesti.kz тілшісі Mundo Deportivo ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Сайттың ақпараты бойынша, клуб бапкер қойған барлық талаптарға келісіпті.

 

Ертең, яғни 11 маусым күні соңғы келіссөз өтеді. 49 жастағы маман команданы толық бақылауында ұстау керек, сол үшін Леондроны қуып, Килиан Мбаппені сақтап қалу деген талаптар қойыпты. Мұның барлығы орындалған.

 

Ал келісімшарт жазғаннан кейін Зидан әлемдегі ең көп жалақы алатын бапкер болады.

 

Еске салайық, Зидан 2021 жылдың жазынан бері жұмыссыз жүр. Оның соңғы клуб "Реал" болған еді. Мадридтік командамен маман үш рет Чемпиондар лигасын ұтты.