Белгілі есімнің белгісіз сыры
АМАНГЕЛДІ – таза қазақы есім. «Менің есімімді абайтанушы Сейітхан атамның өзі қойған екен. Сейітхан атам Абайды терең таныған адам. Сол себепті болар Абайға қатысты кез келген сұрақтың жауабын көпшілік менің атамнан біліп отырған. Мен туған жылы «Абай жолы» романына қатысты оқиға болды ма, жоқ, әлде басқа да себебі бар ма, әйтеуір, атам менің есімімді Абаймен байланысты оқиғаға бола қойған деседі»,– дейді белгілі журналист Амангелді Сейітхан. Бұл есім – ел ішінде өте жиі ұшырасатын ныспылардың бірі.