Белгілі есімнің белгісіз сыры
МӘУЛЕН – араб ныспысы. Есім төркіні «мәула» (көсем, жетекші) сөзінен шығады. Ислами сопылық жазбаларда елдің рухани ұстазы – мүршидтерді «мәула» дейді. Көбіне оларды «мәулана» (біздің көсеміміз) деп атайды. Қазақ жаңа туған сәбиге бұл есімді жан-дүниесі бай, иманды, рухани кемел жан болсын деген ниетпен қояды. Ел ішінде сирек кездесетін ныспы.