Белгілі есімдер

Белгілі есімнің белгісіз сыры

  • Белгілі есімнің белгісіз сыры

    Белгілі есімнің белгісіз сыры

РАУКЕН – бұл есім туралы ешқандай дерек таппадық. Сондықтан да белгілі журналист, «Қазақстан» ұлттық арнасы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Раукен Отын­шиннің өзінен сұрағанды жөн көрдік: «Қазақ – ырымшыл халық. Мен отба­сын­да 4 қыздан кейін дүниеге келгенмін. Мен туылардан бір жыл бұрын әкем Түрікменстандағы нағашыларына қыдырып барады. Сол нағашыларымыздың көр­шісі «Қыз да – бала, бауыр етің, дегенмен налыма, сенің ұлың болады әлі!» деп, төрінде ілулі тұрған қамшысын сыйға тартыпты. Сол түрікмен шалдың бата­сы мен әке ниеті қабыл болып, бір жыл өткен соң мен дүниеге келіппін. Сол кезде әкемнің Тауасар деген ағайыны «Балаңның атын Рукин деп қой!» деп хат жолдап жіберіпті. Әкем, әрине, өзі ерекше сыйлайтын ағасының аманатын орындапты. РУКИН – ХХ ғасырдың алғашқы бөлігінде Маңғыстау жеріндегі патша әскерінің әскери қолбасшысы болыпты. Рукин қазақтар үшін қиындау есім болғандықтан, атым алғашында «Рәукен», «Рәкен» делініп, құжатқа қазіргі есімім, яғни «Раукен» болып жазылады. Міне, менің есімімнің қысқаша тарихы – осындай». 




Көрілген: 2118    Пікірлер: 0

жұма, 27.05.2011, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30