Белгілі есімнің белгісіз сыры
ӘБІШ – бұл ныспының түбірі араби есімдерде жатқаны анық. Әбубәкір, Әбдірахман, Абдолла сынды есімдердің қазақы ортада еркелетіп, қысқартылып айтылатын нұсқасы. Бүгінде ел ішінде қазақтың қайталанбас қайраткер қаламгері Әбіш Кекілбаевтың құрметіне жаңа туған сәбилерге осы есімді қою белең алған.