Белгілі есімнің белгісіз сыры
ГҮЛФАЙРУС – қазақтың «гүл» (хош иісті өсімдік, ажар, келбет, көрік) және парсы тіліндегі «фируза», яғни «ай сәулелі» деген теңеу сөздің бірігуінен құралған ныспы. Жаңа туған қыз балаға «ай ажарлы, күн көрікті, гүлдей жайнаған бойжеткен болсын» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін ныспы.