Белгілі есімнің белгісіз сыры:
БЕЙБІТ – парсы сөздерінен құралған есім. «Бех» (жақсы), «буд» (болсын), яғни «жақсылық болсын» деген мағына береді. Қазақ тілінде бұл сөздің мағынасы «тыныш, мамыражай» дегенге саяды. Жаңа туған сәбиге «жақсылықпен жолы ашылған ұлан болғай, жақсы инсанның қатарынан көрінсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде кеңінен таралған ныспы.