Белгілі есімнің белгісіз сыры
СЕЙІТҚАЗЫ – таза араби есім. «Сеит» (мырза, басшы, құрметті), «қазы» (төреші) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. «Қазы» сөзі қазақ тілінде де төреші, сарапшы, сөзге, іске, сондай-ақ сайысқа нүкте қояр маманға таңылады. Жаңа туған нәрестеге бұл есімді қоюдағы мақсат – еліне қалаулы басшы болып, әділдікті ту еткен тұлға болсын деген ниет. Ел ішінде сирек кездесетін есім.