Белгілі есімнің белгісіз сыры
НҰРҒАЗЫ – қазақтың «нұр» (шуақ, сәуле), арабтың «гази» (кәпірлермен арада болған соғыс кезінде өзінің жаужүректігімен, қайтпас қайсар мінезімен көзге түскен сарбазға таңылатын атақ, дәреже, шен) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Жаңа туған сәбиге «айналасына нұрын шашып, батыл да, батыр болып өссін» деген ниетпен қойылады. Ел ішінде сирек кездесетін есім.