Белгілі есімнің белгісіз сыры
АРЫСТАНБЕК – таза қазақы есім. Жұлдызшылардың пайымына сенсек, осындай есімнің құрметіне бөленген жандардың көбі атына заты сай шығып отырған. Күштімен ғана тіресіп, кішіге тіс батырмайды. Ортасында ұйымдастырушылығымен көзге түсіп, көсемдігімен танылатыны байқалған. Әртістік қабілетке де ие. Сертке берік. Арыстан есімділер жеткілікті өмір сүруді қалайды. Мақсатқа адал, іскер, беделді. Әрдайым қол ұшын созуға даяр болғанымен, өз түйткілін көңіл түкпіріне қамап ұстайды. Әдемілікті жаны сүйеді.