Сен тұр - мен айтайын!

"Ё, маё, мынау мен іздеген қыз ғой" - деп ойлай беріп едім...

  • "Ё, маё, мынау мен іздеген қыз ғой" - деп ойлай беріп едім...

  • "Ё, маё, мынау мен іздеген қыз ғой" - деп ойлай беріп едім...

Кешке үйге қайтып келе жатсам, бір қыз қол көтеріп тұр екен. Дәл қасына сызып тоқтай қалдым. Сәтін салғанда біздің үй жаққа барады екен. Айтқан бағасына келісіп, қара қасқаммен зуылдап келеміз. Сөзден сөз шығып, әлгі қыз:
- Аға, үш ағам бар. Аллаға шүкір, сол ағаларым бар жағдайымды жасап қойған. Үлкені Астанада, одан кейінгі екі ағам Шымкентте жақсы қызметте. Туған күніме машина әперейін деп жатыр екен ұйымдасып - дегенінде, "Ё, маё, мынау мен іздеген қыз ғой" - деп ойлай беріп едім, телефоным толғай жөнелді. Қарасам, бәйбішем. Рульде келе жатқан соң, амал жоқ, громкоға қойып сөйлесуге тура келді:
- Ержан, қашан келесің? Бала-шағамызбен сені күтіп, тамақ жемей отырмыз - деп қояды.
Әлгі қызбен телефон алмасайын деп отырғанмын ғой. Мына әңгімеден соң, қалай сұрайсың номерін?! Қыздың да бұдан соң нәстірениесі түсіп кетті-ау, құлықсыз қоштасты.
Уот, найман бәйбіше десе, наймансың ғой. Шамалы кейіндеу телефон соғуға болмайтын ба еді, а? Мейлі, телефон соққан екенсің, әңгіме арасына бала-шағаны қыстырмай-ақ қоюыңа болмайтын ба еді?!
Ал сіздер найман бәйбішеңнен не жамандық көрдің дейсіздер. Ех, мені ешқайсың түсінбейсіңдер ғой...

Ержан Тәліп

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 6516    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 08:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31