2020 жыл тек қиындық қана емес, адамзатқа мүмкіндіктер де сыйлады
2020 жыл тек қиындық қана емес, адамзатқа мүмкіндіктер де сыйлады. Өткен жылда келесідей басты ғылыми ашулар болды:
1. CRISPR/Cas9 технологиясы арқылы гемоглобинозды емдеудің жолы пайда болды. Яғни қандағы бұзылған гемоглобин ақуыздарын қайта қалпына келтіру технологиясы адамзатқа жаңа мүмкіндік сыйлады. Енді қан аздық пен өзге де ауру түрлерін дәрісіз емдеуге болады дейді ғалымдар. Сынақ жасалған алғашқы екі адамда бұл технология сәтті жүзеге асып, жақсы нәтиже көрсетті.
2. Жылдам радиожарқылдардың себебін түсіне бастадық. Радиожарқылдар бірнеше долисекундқа пайда болып, сол аралықта Күннің бір жылда беретін энергиясын береді. Адамзат оның қайдан, қалай пайда болатынын ұзақ зерттеп келеді. Биыл біздің галактикамызда тура сондай радиожарқыл орын алып, ғалымдар бір мәз болды. FRB 200428Y радиожарқылы "Түлкілер" галактикасынан келуі мүмкін деген болжам жасалды. Бұлар не үшін керек десеңіз, болашақта адамзат аталмыш радиожарқылдарды ұстауды үйренсе, онда 4 секундтық жарқылмен Жерді бір жыл бойы энергиямен қамтамасыз етуге болар еді. Энергия үшін соғыс, тартыс тоқтайды. Ғажап қой.
3. Ғарышты игеру үшін нағыз жарыс басталды. БАӘ Марсқа "Үміт" атты кеме жіберді. Артынша Қытай "Тяньвэнь-1" аппаратын Марсқа аттандырды. Рюгу астероидынан алынған сынамаларды жапондық аппарат жерге жеткізге, Бенна астероидынан алған сынамаларды OSIRIS-Rex миссиясы 2023 жылы Жерге әкелмек. Қытай Айға арнайы аппарат жіберіп, сынама алды. Ал АҚШ болса ғарышқа ондаған спутник аттандырып, нағыз ғарыш жылын жасады. Илон Масктың өзі бірнеше мәрте әлемді аузына қаратты.
4. Ғалымдар криоэлектронды микроскоппен зерттеудің жаңа шыңына шықты. Яғни енді табиғи жағдайда микроскоптар ақуыздардан атомдарды айыра алатын дәрежеге жеткенде, зерттеуді жасау қарқыны артты.
5. COVID-19-ға қарсы вакцина жасау бойынша жарыс болуда. 2020 жылы 164 вакцина сынақтан өтуді бастапты. Арасында отандың QazCovid-in де бар. Бір жетістігіміз осы болар.
6. Шолпанда тіршілік болуы мүмкін деген теория ұсынылуда. Себебі аталмыш планетада көп мөлшерде фосфиндер табылған.
7. Айдан су табылды. Айдың асты толы су болуы мүмкін дейді ғалымдар.
8.Каирдың оңтүстігіндегі Саккарадан тарихшылар жүздеген мумия тапты. 26 ғасыр өтсе де, барлығы дерлік жақсы сақталған. Суреттері анық көрініп тұр және тоналмаған екен.
Ал жылдың ең керемет археологиялық ашуы ретінде Индонезияның Сулавесиінен табылған жартастағы суреттерді айтсақ болады. 44 мың жыл өтсе де, суреттер жақсы сақталған.
9. Ғалымдар ең ақылды құс ретінде қарғаны атады. Олардың ойлау жүйесі маймылдыкіне ұқсас көрінеді.
Сондай-ақ, ғалымдар адамның миына орта есеппен күніне 6200 түрлі ой келетінін санап шыққан. Осыларды оқып отырып, басыңызға қандай ой келді?)
facebook.com парақшасынан