Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"21 мыңды бермеу үшін қорадағы малын, күркесіндегі тауығын, бақшасындағы жеміс ағашын санап əуре болғанша...

24 сәуір 2019, 11:57

Бір еврей шет елде оқып жүрген баласына телеграфтан қоңырау соғыпты. Сондағысы:
- Балам үлкен дəретке жақсы барып жүрсің бе?
- Иə, əке.
- Сау бол, балам! - деп тұтқаны қоя салыпты.
Есептесерде кассаға азғана тиын төлепті. Таңқалған кассир "Дұрыстап жағдайын да сұрамадыңыз. Аман-саулық та сұраспадыңыздар ғой" десе, "Дәретxанаға жақсы барып жүрсе, тамағы тоқ болғаны. Тамағы тоқ болса, жағдайы да жақсы болғаны. Жағдайы жақсы болса, онда оған əзірше ақша салып керек емес!" депті ебекең.
Айтайын дегенім, "21 мыңды бермеу үшін қорадағы малын, күркесіндегі тауығын, бақшасындағы жеміс ағашын, үйдегі зейнеткердің табысын т.б. санап əуре болғанша, "Əжетханаға нəрмəлні барып жүрсіңдер ме?" деп сұрай салмай ма?

Айдос Жұқанұлы