25 оқушыға арналған сыныптың он оқушысын жеп қойыпты...
Бір мектепті салған құрылыс компаниясы әлде тапсырыс беруші құрылыс бөлімі ме қайдам, 25 оқушыға арналған сыныптың он оқушысын жеп қойыпты. Жеп қойғанда қалай, аяқпен адымдап, көз мөлшерімен миллион өлшесең де, тіпті арнайы өлшегішпен өлшесең де әлгі классқа 15 оқушыдан артық сыймайтыны айдан анық көрініп тұр. Өзге класстары да тап солай. Сонда сыймай қалғаны қайда барады? Құй знает.
Сынып бөлмесінен ғана жеген екен ғой деп ойласам, жегіштеріңіз партадан, тіпті орындықтан да жеген екен. Партасы мен орындықтарының аяқтары, тіпті еніне дейін қысқа. Яғни стандартқа сай емес.
Мейлі өзімен кетсін. Бір кездері шум болып, кейін жабулы қазан жабулы күйінде қалды ғой. Бір бәле қылып бітімге келген шығар өздері.
Қарап отырсам, әркім өз саласының жегірі екен.
Менікі газет саласы еді. Қайтіп жесем екен ә)???
Подписканың ақшасын жеп қояйын ба.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан