36 МЫҢ ДОЛЛАР... Қай жеріміз кем?
36 МЫҢ ДОЛЛАР...
 
Венгрияда халық санын көтерудің бағдарламасы іске қосылды. Енді үкімет әр жас отбасыға үй, көлік сатып алуға көмектеспек.
 
Сонымен қатар қажеттілікке деп 36 мың доллар несие береді.
 
Несиенің үштен бірін, яғни 12 мың долларды үкімет екінші бала өмірге келгенде жапса, үшінші бала өмірге келгенде барлық несиені үкімет толық жабады.
 
4 балалы отбасылар салықтан толық босатылмақ.
 
Салыстырып қарайық. Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖІӨ-мі 11,5 мың доллар. Мажар бауырларымыздікі 13 мың доллар. Ол да, біз де бір ғұнның ұрпағымыз. Олар жасаған дүниені, біз неге жасай алмаймыз? Қай жеріміз кем?
 
2019 жылы жазылған пост еді. Әйтеуір 4 балаға 40 мыңнан астам қаржы береміз дегенді қабылдадық. Естіген адам ұялады, бірақ аз да болса да өзгеріс бар)
 
 
 
Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан