Сен тұр - мен айтайын!

365 күннен 2 күн табылар...

  • 365 күннен 2 күн табылар...

    365 күннен 2 күн табылар...

Құрметті президент! Өзіңізге қайырыла сөз айтуға рұқсат етіңіз.
Бес күннен кейін қазақ халқының тарихындағы ең ірі зобалаңды, қырғынды еске алатын күн келеді. Бұл біз үшін бір ғасырға жуық уақыт болса да әлі де не саяси, не тарихи бағасын алмаған нәубет болып қалуда. Ашаршылықтың зардабы тимеген, қайғысын жұтпаған қазақ отбасы кемде-кем. Сіздің әкеңіз де бұл зобалаңнан зардап шегіп, тірі қалу үшін Қырғызстан жеріне өтіп кеткені жайлы қайғылы тарихты "Әке туралы толғаныс" кітабыңызда жазып едіңіз. Демек бұл тақырып сіз үшін аса ауыр, әрі оның саяси-тарихи әділ бағасын беру отбасы алдындағы принципті іс деп түсінемін.
Қазіргі таңда Қазақстанда бұл оқиғаға баға беру үшін аса сақтықпен жұмыс жасалып жатыр. Ақырындап алға жылжу бар. Комиссиялар құрылып, архивтерден шаң басқан құжаттар көтерілуде. Көркем фильмдер түсірілуде. Бұл қатты бассаң сынып кететін қиын тақырып екенін түсінемін.
Украина бұл кезеңге саяси және тарихи әділ бағасын берді. Оны әлемдік қауымдастық та мойындап отыр. Геноцидтің себебі Сталиндік режим, қасақана жасалған кеңестік биліктің қастығы екенін ашық айтып, қатаң айыптайтын дәреже жеткен. Сабақты ине сәтімен. Оның да сәті біз үшін келер.
Құрметті президент! 31-мамыр күні мемлекеттік органдар, Парламент, Үкімет өз жұмысын бір минутттық үнсіздіктен бастаса деген ұсынысым бар. Тіпті республика деңгейінде бір минуттық үнсіздік жарияланса дұрыс болар еді. Тау мен таста, сай-салада, сайын далада сүйегі шашылып қалған миллиондаған құрбандарды республика болып бір минут еске алу адамдықтың белгісі деп ойлаймын. Бұл біреуге қарсы бағытталған саяси акция емес. Бұл біз тіпті атын ұмытып, суреті де сақталмаған (бәлки суретi ешқашан болмаған) миллиондаған бабаларымызды ұмытпағанымыздың, жүрегіміздің төрінде сақтайтындығымыздың айқын көрінісі.
Президент мырза! Бұл күннің маңызын бөлуге қатысты екінші ұсынысымды айта кетсем. Ашаршылық (1919-1921, 1931-1933) пен саяси қуғын-сүргін (1937-1938) екеуі екі қайғылы оқиға екенін жақсы білесіз. Екеуі де геноцид. Бірінде ұлт тұтас жойылып кете жаздаса, екіншісінде ұлт қаймақтарын қырып салды. Екі оқиғаны күн таппағандай бір күнге жабыстырып қоюымыз қате деп санаймын. Екі оқиғаны бөліп, екі күнге қоюыңызды сұраймын. 365 күннен екі күн табылады деп ойлаймын. Бұл ар алдындағы, ата-баба алдындағы қасиетті міндетіміз ғой. Өлі разы болмай, тірі байымас деген халықпыз.
Сіз халық үніне құлақ асатын мемлекет принципін жарияладыңыз. Осы үнімізге (көпшілік те ойымды қолдар, сондықтан көпше түрде жаздым) құлақ асуыңызды сұраймын. Берік Уәли мен Маулен Ашимбаев осы мәселеге көңіл бөлсе дұрыс болар еді. Президентке жетпесе де, жеткізер (мүмкін).

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1328    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.05.2021, 10:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31