Сен тұр - мен айтайын!

4 миллионға жуық халқы бар қырғыздар, бір жарым миллиард қытай халқының тауарына бәсекелес тауар өндіріп отыр

  • 4 миллионға жуық халқы бар қырғыздар, бір жарым миллиард қытай халқының тауарына бәсекелес тауар өндіріп отыр

    4 миллионға жуық халқы бар қырғыздар, бір жарым миллиард қытай халқының тауарына бәсекелес тауар өндіріп отыр

Қырғыздың киімдері баяғыда тек барахолкада ғана еді. Енді супермаркеттерге келіпті. «Магнумда» қырғыздың колготкилерін сатып жатыр. Қыздарға екеусін алдым. Сапасы да жақсы екен. Қырғыздың текстилі қазір түріктердікінен бір кем емес. Баяғыда нашар болатын - деді, әйелім шай үстінде. Ішімді қызғаныштың қызыл иті тырнап алғандай болды. Неге өзіміздің өнімдер емес? Неге қырғыздар? Қарап отырып қырғыз ағайындардың тірлігіне қызғандым әрі қызықтым. 4 миллионға жуық халқы бар, бір жарым миллиард қытай халқының тауарына бәсекелес тауар өндіріп отыр. Біздің нарықты жаулап бара жатыр. Біз әлі тұтынушымыз. Үкіметті айыптай жөнелерсіздер, бірақ қырғыздың үкіметінің бізден асып кеткені шамалы ғой. Екі -үш рет естен танарлықтай толқулар болды. Тұрақтылығы шайқалды. Сонда да үкімет қайда қарап отыр демей біздің нарықты жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне толтырып тастады.

Тек тұтынушы болып отырған ел –тәуелсіздігінен айрылады, -депті Ататүрік. Рас қой. Біз әлемдік нарықты жауламай –ақ ішкі нарыққа өз өнімдерімізді ендірудің өзі мұң боп отыр. Келмеске кеткен АХБК мен «Жетісуді» жоқтай бермей жастарды мектеп қабырғасынан бастап белгілі бір кәсіптің құлағын ұстауға машықтандыруымыз керек. Еліміздегі мектептердің 70 пайызының еңбек кабинеттері аты бар да заты жоқ. Солардың материалдық базасы толып тұрса, қыздарымыз еңбек кабинетінен іс тігуді, ас пісіруді үйреніп шықса, ұлдарымыз ағаш пен темірден түйін түйсе, электрика мен сантехниканың әліппесін меңгеріп шықса біз өстіп өз елімізде қырғыз бен қытайдың киімін киіп, түрік пен ұйғырдың кафесінен тамақтанып отырмас едік.
Егер сіз еліңіздің ертеңіне бей -жай қарамайтын адам болсаңыз, қолыңыз әлденеге жеткен кәсіпкер ия болмаса бақуатты адам болсаңыз, немесе мектеп бітіргеніне бәленбай жыл болғанын атап өтуші түлек болсаңыз той жасап, бәйге бергенше ең бірінші өзіңіз бітірген мектептің еңбек кабинетін жарақтандырып беріңіз. Үкіметтің жұмысы ғой деп қарап отырмаңыз.Үкіметтің алып механизмі бұл проблеманы қолға алғанша тағы бір буынды жоғалтамыз. Өскелең ұрпақ үшін және еліміздің экономикасы үшін бұдан қайырлы іс болмайды! Сіз жарақтандырып берген еңбек кабинетінен түптің түбінде елімізді экономикалық тәуелділіктен құтқаратын бір іні –қарындасымыз шығатынына сеніңіз! 

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1733    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 10:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30