Сен тұр - мен айтайын!

55-тен асқан әйелдерді зейнетке жіберсеңіздер құба-құп болар еді?!

  • 55-тен асқан әйелдерді зейнетке жіберсеңіздер құба-құп болар еді?!

    55-тен асқан әйелдерді зейнетке жіберсеңіздер құба-құп болар еді?!

Құрметті Заң бекітуші құзырлы орын! "Әр нәрсенің ақырын берсін" дегенді атам қазақ текке айтпаған. Жаратқан ием халқымды ауыр кезеңнен аман алып өтсін деп тілеймін! Көктемнен бері үйден шықпай, оқшаулануға мойынсұндық. Дер кезінде егде жастағылардың жалақысын толық төлеп, үйде отырғызған Президентімізге алғысым шексіз! Шын сөзім! Зейнетке шыққанда бастан кешетін оқшаулану күйзелісі осылай болатын болса, оны аман өткердік. Шынымды айтсам, тосын оқшауланған алғашқы екі ай өте ауыр тиді. Қолым ештеңеге бармай, жұртта қалғандай жалғызсырадым. Ойым ішіме сыймай өз-өзіммен жүйкем жұқара іштей арпалыстым. Енді міне, Құдайға шүкір, адаптацияға түстік. Мәжбүрлік оқшаулану кезеңінен психологиялық тұрғыда аман өткен біздерді - 55-тен асқан әйелдерді текке жалақыға байлағанша - зейнетке жіберсеңіздер құба-құп болар еді?! Қаншама жастар жұмыс таппай сенделіп жүр. Бізден босаған орынға жастар келер еді. Сабақ онлайн жүйесімен оқытылатыны рас болса, әжелер үйде отырып, тым құрығанда немерелердің компьютерін қосып, сабақ оқуын қадағалауға жараймыз ғой? Жастар жұмыс істесін. Сонымен қатар, жұмыс өтілі 20 жылдан асқан мұғалім әйелдерге де зейнетке шығуға рұқсат берілсе. Олардың да жүйкесі әбден тозып үлгерген.

Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3760    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.07.2020, 09:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30