Мега және басқасы секілді сауда үйлерінде екі үлкен проблема бар. Халал тамақ және намазхананың жоқтығы. Вроде мұсылман мемлекетпіз (ислам мемлекеті деген ұғыммен шатастырмаңдар), бұл тақырыптарда тіпті мәселе туындамауы керек секілді. Бірақ сауда орталықтарына барған сайын осы екі проблема алдыңнан шығып тұрады. Жүріп-жүріп қарның ашады, жейің десең, ешқандай кафенің халал сертифаты жоқ. Амал жоқ, ет қосылмаған маргарита не фри жеуге тура келеді. Намаздың уақтысы кіріп қалған, намазхана жоқ. Амал жоқ парковка секілді бір қуыста партизанский шартта оқып аласың. Не екі намаздың ортасында шаруаң бітетіндей дәлдеп баруың керек. 80 пайызы мұсылман мемлекет үшін осы жараса ма? Меніңше жоқ.
Шешім: мұсылмандар сауда орталықтарындағы тамақтану орындарынан халал сертификат талап ету қажет. Жиі-жиі талап етіле берсе, құдайдың бір күні қояр. Мемлекет сауда орталықтары және басқа да адамдар жиналатын орындарда бұрынғыдай намазханалардың ашылуына рұқсат беруі керек. И все.
Фейсбуктегі парақшасынан