Сен тұр - мен айтайын!

COVID-19 ерекшеліктері. Коронавирустың бізге жасырған жұмбағы мұнымен аяқталмайды

  • COVID-19 ерекшеліктері. Коронавирустың бізге жасырған жұмбағы мұнымен аяқталмайды

    COVID-19 ерекшеліктері. Коронавирустың бізге жасырған жұмбағы мұнымен аяқталмайды

COVID-19 ерекшеліктері 


Қытайдың Ухань қаласынан басталып , Европадан Америкаға асып, Азияны дірілдетіп, Африканы аза тұттырып, Оңтүстік Американы ойбайлатып жатырған COVID-19 жұқпасы ерте ме , кеш па біздің елде де ойран салары анық еді. Енгізілген Төтенше жағдай пандемия жылдамдығын баяулатты, Үкіметке де, Медицина мекемелеріне де карантиннен кейінгі болуы мүмкін эпидемия өршуіне дайындалуға мүмкіндік берді. Алайда, Үкімет пен ДСМ дайындығы күткен нәтиже бермеді.
Оның себептеріне толық сараптама жасау менің міндетіме кіре бермес . Менің міндетім, халықты сабырлылыққа шақырып қана қоймай, не істеу керегін үйрету, кеңес беру еді.

Ауруханалардағы көмек күткен қаптаған адам , дәріханалардағы тапшылық , кадр жетіспеуі, әлеуметтік желілердегі елдің зары - пандемия өршуінің алғашқы кезеңінің көріністері еді. Алғашқы соққысы ауыр тигенімен қабылданған тиісті де тиімді шаралар болса коронавирус етегін жинары анық. Тек сол күн тезірек жетсе екен деп тілейік ...
Бұл жұқпа ауалы - тамшылы жолмен берілетін жедел респираторлық инфекция . Осы топтағы грипп , парагрипп, аденовирустық , риновирустық инфекциялар сияқты жұғу көзі , инкубациялық кезең , өршу кезеңі, баялауы, сауығуы сияқты ортақ белгілері бар . Біз оның алдымен ерекшеліктеріне тоқталайық.
1. Жұқпалылығы . Пандемияның алғашқы кезеңінде оның жұқпалылығы 1,2 - 2,0 деп есептелсе , қазіргі кезеңде 4,0 дейін жоғарылады . Яғни , бүгін Қазақстанда 1646 жұқтырған адам анықталса , он күннің ішінде ол 4 есеге артады деген ұғым .
2. Жасырын кезеңінің ұзақ - он төрт күнге дейін, болса, орта есеппен бес күнде ауру белгілері білінеді . Осы кезеңде өзінің коронавирус жұқпасымен сырқаттанып жүргенін аңғармаған адам айналасындағы адамдарға жұқтырып үлгереді .
3. Ыстық кезеңде жұқпа тоқтайды деген болжам да ақталмады, керісінше оның саны артып , күн сайынғы анықталған адам саны рекордтық көрсеткішке жетті.
4. Балалар мен жасөспірімдер арасында COVID-19 - бен сырқаттану өте төмен деңгейде .
5. Кез келген инфекциялық агенттің (вирус, бактерия, грибоктар) адам ағзасындағы жақсы өсіп - өнетін мекені болады. Оны тропность деп атайды . Коронавирус үшін ол өкпе алвеоларының клеткалары , сондықтан негізгі шайқас сол жерде болады. Бірақ, вирусемия (қанмен таралуы) әсерінен ол барлық органдарды зақымдайды . Ауру клинкасында көп белгілердің анықталуы да сондықтан.
6. - Ковид пневмониясымен (дұрысында - пневмонит) ауырғандардың 94,2% өкпесінде қалдық өзгерістер қалады . Оның негізгі белгісі фиброз.
- 20 - 30 % жүрек - қан тамырларында патологиялық өзгерістер қалады (аритмия , миокардит , тромбоз).
- 27% бүйрегінде өзгерістер анқталады.
- Сырқаттардың үштен бірінде неврологиялық ауытқулар анықталған , оның миға әсері әлі толық зерттелмеген , ғалымдар механизмін анықтай алмай отыр.
7. Салыстырмалы түрде ЖАҢА АНЫҚТАЛҒАН ИНФЕКЦИЯ БОЛУЫ СЕБЕПТІ коронавирустың ағзаға ұзақ мерзімді әсері әлі зерттелген жоқ .
8. Ерлер арасында өлім көрсеткіші әйелдермен салыстырғанда 50% жоғары.
COVID-19 - дың бізге жасырған жұмбағы мұнымен аяқталмақ емес, апта сайын толықтырулар мен өзгерістер жетерлік ...

 

Марат Шуакбаев
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 998    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.07.2020, 12:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30