Сен тұр - мен айтайын!

Cәбиінің ВИЧ жұқтырғанын білген талай еркек әйелімен ажырасқан, қашып кеткен, баласына жоламаған

  • Cәбиінің ВИЧ жұқтырғанын білген талай еркек әйелімен ажырасқан, қашып кеткен, баласына жоламаған

    Cәбиінің ВИЧ жұқтырғанын білген талай еркек әйелімен ажырасқан, қашып кеткен, баласына жоламаған

11 ақпанда Дудь ВИЧ жайлы док.фильмін жариялады. Фильм жарық көрген соң Гуглда ВИЧ туралы ақпар іздеген адам саны 40 есе артқан. Ресей билігіндегі біраз кісілер фильмді мақтап жатыр.

Дәл сол 11 ақпан күні Salem human каналы Шымкентте 2006 жылы ВИЧ жұқтырған 149 сәби туралы док.фильм жариялады. Екеуінің сапасы әртүрлі. Бірақ бұл маңызды емес. Екі фильмнің бір күнде шығуы сәйкестік пе, білмедім.

Алайда мені бір факт қатты таң қалдырды. 2006 жылы сәбиінің ВИЧ жұқтырғанын білген талай еркек әйелімен ажырасқан, қашып кеткен, баласына жоламаған. Яғни, нағыз қорқақтық танытқан.

Ал ВИЧ тек 3 жолмен ғана жұғады: қан арқылы (шприц), ана мен бала (босанғанда) және жыныстық қатынас арқылы.

Жалпы, осы және басқа да фактілер біздің қоғамның медициналық, құқықтық, саяси сауаты әлі де төмен екенін, содан көп адам зардап шегетінін көрсетеді.

Меніңше, әкімдіктердегі бұрынғы Ішкі саясат, қазіргі Қоғамдық даму деген басқармалар осы жұмыспен айналысу керек. Әсіресе, облыстарда. Әйтпесе, көптеген мәселе бойынша азаматтарымызда шынайы ақпараттың орнына ескі стереотип бар.

2010-2011 жылдары Хабардың бастығы Дариға ма деп сұрайтындар болушы еді... Еуропаның жартысы гей, Қытай бізді алмаларымен әдейі улап отыр, Ресей ғана ертең бізді қорғайды деген стереотипке сенетіндер де аз емес...

Nurmukhamed Baigarayev
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 09:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31