Сен тұр - мен айтайын!

Cебебі олардыкы таза бизнес

  • Cебебі олардыкы таза бизнес

    Cебебі олардыкы таза бизнес

Соңғы кезде көп қабатты үйлерден кішкентай балалардың құлауы жиілеп кетті. Терезелерге қорғаныс құралдарын қойылмады деп құрылыс компанияларын кінәлай алмаймыз, себебі олардыкы таза бизнес. Сатты, ақшасын санап алды, кетті, пәтердің кілті қалтаңда. Ал сол үйдің иесі болған соң, онда бүкіл детальға мән беру керек. Үйіңде сәби болса, алдымен баланы қорғау үшін барлық шараны істеу міндетің. Егер қорғаныс құралы болмаса, терезені ашпа. Тұншығып өлді дегенді естімеппін. Ал терезеден құлап өлген балалардың күн санап артуы ата-ананың жауапкершілігінің жоқтығында. Терезені ашып қойып, үйде тірлігін істеп жүре береді. Былтыр көршімнің үйінен 8-қабаттан 4 жасар қыз құлап қайтыс болды. Әжесі намазға жығылғанда, артынан жүгіріп өтіп терезеге ұмтылғанын байқамай қалған. Байғұс әже өзін кінәлі санап, қатты қайғырды. Бір апта бойы подьезде қайғы жамылып, көңілсіз күндер өтті. Ковидтен адам көп қайтып жатқанда жазым болып жас балалар жарақат алмаса екен. Бала деген бізге берген аманат қой. Аман есен өсіріп, аяққа тұрғызу басты міндет...




Көрілген: 1973    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.08.2021, 12:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31