Сен тұр - мен айтайын!

Cот заңсыз, әділетсіз шешім шығарады, пара алады, ал жаманаты мемлекетке келеді

  • Cот заңсыз, әділетсіз шешім шығарады, пара алады, ал жаманаты мемлекетке келеді

    Cот заңсыз, әділетсіз шешім шығарады, пара алады, ал жаманаты мемлекетке келеді

Кешегі Медеу аудандық сотының судьясы парамен ұсталуына орай, бүкіл әлеуметтік желі мен ақпарат айдынында жүріп өткен негатив пікірлер тасқыны, бір нәрсені анық аңғартты. Ол елдің әділетсіз, халыққа да заңға да пысқырмайтын, жабық корпорацияға айналып болған соттарға деген көзқарасы. Пара көлемі шын мәнінде миллиондаған доллар болды ма, он мың ақ доллар болды ма, маңызды емес.
Маңыздысы, бүгінгі сотта мәселең не парамен, не таныс арқылы ғана шешілетіні ешкімге де құпия емес!
Негативті пікірлер тек соттардың атына емес, мемлекеттік билік, қазіргі саяси жүйеге де бағытталуда. Бір жағынан онымен келісуге де болар, өйткені сот - үштармақты биліктің бір бөлігі және өте маңызды бөлігі. Сол себепті елдің әділетсіз соттың артында, әділетсіз билік тұр деп есептеуі негізсіз де емес.
Бірақ, барлық істер тапсырыс арқылы жүзеге асады деуге тағы болмайды. Әдетте, митингіге шыққан белсенділерді қамау және кейбір саяси реңкі бар үлкен істер болмаса, қалған істер (ал ол 97-98% ды құрайды) бойынша соттар шешім қабылдауда тәуелсіз. Тәуелсіз болғанда мемлекеттік биліктің өзге тармақтарынан және халықтан тәуелсіз, бірақ өзара тәуелді. Яғни төменгі сатыдағы сот жоғарыға тәуелді. Парақорлық, жемқорлық осыдан туындап жатқан салдар.
Нәтижесінде, сот көрінеу заңсыз, әділетсіз шешім шығарады, пара алады, ал жаманаты мемлекетке келеді. Себебі, сот шешімінің кез-келген түрі, Қазақстан Республикасы атынан шығарылады.
Осындайда билік не істеу керек? Басқа-басқа, сот және құқық қорғау органдары арасындағы жемқорлықпен күресуге ресми билік, оның ішінде Тоқаев тарапынан талап етіліп, тапсырмалар берілуде. Ресми БАҚ-да ол туралы аз айтылып, аз жазылып жатқан жоқ. Бірақ, ел-жұрт ресми БАҚ-қа сенуден қалғалы қашан, ол енді басқа тақырып, басқа мәселе.
Күні кеше Жоғарғы Сот судьясы, Сот Кеңесі мүшесінің Түркістандық судьядан пара алып ұсталуы, одан кейінгі мына іс. Осылардың, бұрынғыдай жабық жағдайда емес, жария түрде жасалып жатқанын, өз басым мемлекет тарапынан сот саласын былықтан тазартуға кіріскені ме деп үміттенемін.
Менің ойымша жемқорлық фактілері бойынша мемлекет тарапынан жасалып жатқан қандай да бір болмасын әрекетті, бейресми орта біздер, әркез қолдап отыруымыз қажет. Мысалы, өз басым партия мүшесі болмасам да, Нұр Отан партиясы жанындағы сыйбалас жемқорлыққа іс-қимыл жөніндегі Республикалық Кеңес (РОСПК, басшысы Erlan Sairov) құрамына кіруге келістім. Әзірге, Кеңес жұмысы көңілімнен шығуда.
Қысқасы, соңғы кездері сот қызметіндегі жемқорлық, онымен күрес барысын жіті қадағалап отыруға, шама келгенше ол іске қоғам болып өзімізде атсалысуға шақырамын. Өйткені, сот қызметі қоғамдық қызмет!
ФБ форматы ұзағынан толғауға келе қоймайды, сондықтан бұл тақырыпқа қатысты өз ойларымды, нақты ұсыныстарымды алда жазатын боламын. Яғни, жалғасы бар пост.

Абзал Құспан

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1726    Пікірлер: 0

сенбі, 01.05.2021, 21:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31