Сен тұр - мен айтайын!

Cұрқия иллюзия біздің бет-бейнемізді анықтап тұрған ең күлкілі парадигма

  • Cұрқия иллюзия біздің бет-бейнемізді анықтап тұрған ең күлкілі парадигма

    Cұрқия иллюзия біздің бет-бейнемізді анықтап тұрған ең күлкілі парадигма

Ешқандай марапат, атақ, даңқ жүректі жылытпайды. Ешқандай шиншилла шубасы жүректі жылытпайды.

Әлемнің ең атақты байлары – өте бақытсыз. Бақытсыздығының көлемі - әрқайсысында әр түрлі. Бірінде - терең, бірінде - одан да терең. Әркім - өзінше бақытсыз.

Жүректі тек екінші жүрек жылыта алады. Дәл өзіңдікіндей адами жүрек . Жүрек сезім оянғанда жылынады. Егер екінші адамның сезімі дәл сенікіндей болса, онда бұл әлемде сенен асқан бақытты адам жоқ. Оны бағалай біл. Өйткені ол өзіндегі жүрек жылуын сізге бөліп берді. Мүмкін тұтастай бере салды.

Махаббат тек романтикадан тұрмайды. Махаббат – ол кейде үндемеу.

Ол – кейде кешіру. Ол- кейде алқымыңнан алып қылқындырған тәкаппарлығыңды табаныңда таптау. Эгоңды тұншықтыру. Тыныш, сөйлемей отыра тұр! - деп бұйрық беру. Сіз бұл әрекеттер барлық адамның қолынан келеді деп ойлайсыз ба? Жоқ. Ол көп адамның қолынан келмейді.

Біз инстаграмм әлемінде өмір сүреміз. Ол –бақытсыз бақыттылардың әлемі. Ол – тәкаппарлық пен менмендіктің әлемі.

Әр адам өзін өзі суретке түсіреді де салады. Ондағы айтпағы: Қараңдаршы, мен қандаймын! Мен қандай бақыттымын! Мен қандай киім киемін! Мен қандай жерлерде жүремін! Менімен қандай керемет адамдар араласады!

Мен. Мен. Мен. Бұл – жалпы әлемдік иллюзия. Және осы сұрқия иллюзия біздің бет-бейнемізді анықтап тұрған ең күлкілі парадигма.

Tanagoz Tolkynkyzy
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 10:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30