Сен тұр - мен айтайын!

Абай болыңыздар! Ала аяқтықтың мұндай да түрі бар екен...

  • Абай болыңыздар! Ала аяқтықтың мұндай да түрі бар екен...

    Абай болыңыздар! Ала аяқтықтың мұндай да түрі бар екен...

 Сауле Алипова
10 ч. ·
Интернет алаяқтарының құрбаны бола жаздадық, тұқымы құрысын. Абай болу керек екен!
Кеше түнде Рекеңнің телефоны белгісіз біреумен сөйлескеннен соң блокталып қалыпты...

Ешкімге звондай алмайды, қоңырауды да қабылдамайды. Оған аса мән бермей, таңертемен телефонын үйге тастап жолдастарымен волейболға кетіп қалды. Онда барғаны дұрыс болған екен.
- Реке, бензинің қанша тұрады?- деп сұрайды бір досы.
- Қайдағы бензин, мазағың ба?- деп бұл күледі.
- Оу, сен сатып жатырсың ғой міне, ақша аударайын деп тұрмын мында деп уатсабын көрсетеді.
Расында онда Рекеңнің нөмерімен арзан бензиннің талонын сатып жатыр екен біреулер.
- Жоқ, тоқта! Менің телефоным істемей тұр. Түнде блокталып қалған ед, үйге тастап кеткем деп дереу маған звондайды.
- Сауле менің телефонымдағы барлық группа мен дос- жарандарға срочно хабар бер, менен барған хабарламаларға жауап бермесін. Біреулер менің атымнан бензин талонын сатып жатыр екен деп.
Не болғанын түсіне қойдымда өзімнің телефонымнан жедел хабарлама тарата бастадым. Бірінші хабарламадан соң-ақ белгісіз нөмерден звонок түсті. Онда бір азамат " Апай, вы что, мен қазір ғана 23000 тг аудардым, досым да аударды. Радик аға сам пишет мне по вотсапу. Могу отправить скрины. Почему вы обманываете нас. Где он сам? Балалар перечисляют деньги в кго счет. Мы лохи что ли? "- деп ашуланып...
- О, жоқ! Айналайын, Рекеңді білетін достарыңа хабарлашы ватсапта отырған ол емес, телефон взломан, деймін шырылдап, болған жағдайды түсіндіріп звондағандарға...
Түсінгілері келмей кейбірі ақшамды қайтар, ұят жоқпа ағада. Біз оған сеніп салып отырмыз деп бұлқан- талқандары шығып.
Сенгендеріне рақмет, бірақ, ақша аудармас бұрын телефонына қоңырау шалып растығына көз жеткізіп алу керек емеспе, уатсаппен жазғанға слепо ақша бере салмай деп түсіндіріп бақтым.
Скриншотын сұрап алдым.
Соңыра көздерін жетті алданғандарына...
Не керек, Рекең Каспий счеты мен телефон номерін блоктатып РУВДға барып арыз түсіргенше түс қайтты. Номерін блоққа қойса да группаларына уатсаптан арзан бензин талонын сатушылар жазбалары тоқтамады. Оны өтініш қабылдап отырған полиция қызметкеріне пробейте вот эти номера, әлі перепись жүріп жатыр деп көрсеттік.
Ол иығын қиқаң еткізді де,
- Аға, арызыңызды қабылдаймыз, бірақ, іс ашылады деп айта алмаймын. Бұл сала бізде не развито. Арыз өткізіп, өзіңізді олармен бірге емес екеніңізді дәлелдей алатындығыңыз ғана болмаса дегені...
Бұл саланың не развито екенін білетін интернет ала аяқтардың қылмыстық істері елімізде шарықтай береді деген сөз....
Көнеміз де қайтеміз
Айтпақшы, ала аяқтардың саудасы Рекең актив центрге барып нөмерін разблокировать етіп, сим картасын ауыстырғаннан кейін барып тоқтаған сияқты. Жым-жырт болды әйтеуір.
Абай болыңыздар! Ала аяқтықтың мұндай да түрі бар екен.

 

Сауле Алипова
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 4217    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.09.2020, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30