Сен тұр - мен айтайын!

Абайды тану жемқорлықсыз, ғылым мен білімге құштар қоғам құру деген сөз

  • Абайды тану жемқорлықсыз, ғылым мен білімге құштар қоғам құру деген сөз

    Абайды тану жемқорлықсыз, ғылым мен білімге құштар қоғам құру деген сөз

Бүгін Елбасының Хәкім Абайға қатысты мақаласы жарияланыпты. Оны Нұрболат Әлменовтің парақшасынан көрдім. Оқып шықтым. Біреуге ұнар, енді біреуге ұнамайтын болар, бірақ өзіме ұнады. Түртіп алар тұстары бар екен.
Ал енді Абайға қатысты. Расымен Абайды толық танымай келеміз-ау осы біз. Абай мектебінде оқыдым, тарихты Абай атындағы университетте бітірдім, жұмысым Абай көшесіндегі ғимаратта, өзім Абай туған шығыстанмын. Бірақ сонда да Абайды дұрыс түсінбейтін сияқтымын. Біреулер "қазаққа ес кірсе Абай ескіреді" дегенді айтып жүр. Ондай жандармен сөз дауластырғым келмейді, әркімнің субъективті ойы ғой. Бірақ ол пікірмен келіспеймін.
Неміске ес кірсе де Гете, ағылшынға ес кірсе де Шекспир ескіріп кеткен жоқ қой. Сол сияқты қазаққа ес кірсе де Абай ескірмейді. Абайды "орыс әлемін жақтаушы, олай болмаса оны КСРО оқытпас еді" дейтіндер бар. Дей берсін, ондай пікірдің де плюралистік қоғамда өмір сүруге құқығы бар болар. Бірақ тағы да ол пікірмен келісе алмаймын. Абай ағылшынды білсе, Лондонды көрсе, Парижде кофе ішсе, орысты мақтамас еді. "Ағылшындай бол, немістен үлгі ал" дер ма еді. Қазір өмір сүрсе сөзсіз қазаққа жапоннан үлгі ал, немістен үйрен деуші еді. Өкінішке орай Абайға Батыс әлемін көру бұйырмады, сондықтан маңайымыздағы әскері қуатты, саяси және экономикасы мықты саналған отаршыл Ресейді айтты. Сондай болсын деді. Оны есі дұрыс адам жақсы түсінеді.
Біздің саясатымызда да үлкен бір қателік бар. Абайды тану - көшеге атын беру мен ескерткішін жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша әр жерге қаптатып орната беру, Абай өлеңін камераға қарап жатқа оқудан ғана тұрмайды ғой. Тану - ол науқаншылық емес. Тану - ол Абай аңсаған қоғамды орнатуға әрекет ету.
"Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос" дейді Абай. Бұл сөздің мен үшін құны соншалықты жоғары, оны мен статусқа әдейі қойдым. Расымен қазақ бір-бірін қолдамаса, жақтамаса, қалғанының бәрі бекер. Қай салада болмасын осы қағида маңызды.
Абайды тану жемқорлықсыз, ғылым мен білімге құштар қоғам құру деген сөз. Абайды тану барлық жаман қасиеттен аулақ болу деген сөз. Абайды тану жалпы дамушы елге тән қасиеттерге ие болу деген сөз.
Кейде "ана ақын Абайдан мықты айтқан" деп жатады. Менің ойымша ол дұрыс емес. Біреуді көтеру үшін екіншісін төмендету міндетті емес. Әр ұлының өз шыңы мен биігі бар. Қазаққа ұлылар аздық етпейді.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 08:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі
    30 Қазан, 08:53
    АНАМ КІМГЕ КЕРЕК?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30