А. Кончаловский Абай жөнінде фильм түсіреді деген сөз бар. Михалковтар әулетіне қарсылығым жоқ. Дегенмен, Абайды ресей көзқарасы тұрғысынан сомдау, Абай дүниетанымының терең тамырын орта жолда кесіп тастағанмен тең тәрізді. Ол көзқарасты біз білеміз ғой. Абай орыс арқылы дүниенің кілтіне тәнті болды, орыс мәдениетіне бас иді деген "дәстүрлі" идея. Ал біздің Ибрагим орыспен бірге парсы, шағатай, неміс, араб әлемін де зерттеп білгенін қайда қоямыз? Сонымен бірге, Абайды ғана емес, Ұлы ойшылдың туындыларының кейіпкерлерін де дәріптейтін уақыт жетті. Мысалы У.Шекспирді "Ромео мен Джульетта" арқылы дүние біледі. Абайдың өзі жазып кеткен, Ұлы данышпанның өміріне арқау болған кейіпкерлердің тағдырын, өмір жолын дәріптеу арқылы Абайдың шоқ биігін насихаттайтын жаңа әдіс-тәсілдер қажет тәрізді.
Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан