Сен тұр - мен айтайын!

Адал мен арсыз

  • Адал мен арсыз

    Адал мен арсыз

Баяғыда қазан аңдыйтын қыдырмалығымен елді мезі еткен бір арсыз адам ауыл-аймаққа сүйкімі кеткенін сезіп: Ал ағайын, құдай жолына түсем, қажылыққа барам, - деп жар салады. Сұғанақтан құтыларына қуанған ағайыны дорбасын асқа толтырып, қуана шығарып салыпты. Ел құтылғанына, анау тамақ жинап алғанына мәз. Әлгі күн жүреді, күн демалады. Жүргеннен жегені көп. Ақыры азығы таусылады. Қайда бара жатырмын, Мекке деп неге бөстім, ол жақта қай атамның басы бар еді? - деп сенделіп келе жатса жалғыз лашық тұр дейді. Әлгі қуанып кетеді. Шиттей бала-шағасы бар шаруаның үйі екен. Құдайына қараған адам келді деп жалғыз тоқтысын сояды, қонақ етеді. Келесі күні мейманның кетер түрі көрінбейді. Пейілі адал кедей байғұс тағы қазан көтертеді. Не керек, тоқтың еті біткенше қонақ кетпей қояды. Қап түбі де қағылады. Жолаушының аузына барын тосқан кедейдің балалары ашыға бастайды. Әйелі:Қонақты аттандырсаңшы, - деп жыламсыраған соң отағасы көлеңкеге төселген көрпеде көсіліп жатқан әлгіге барып жағдайды айтыпты.
- Жарайды, - дейді арсыз. - Тамағың таусылса ертең кетемін, таң ата оятып, жолға сал.
Қуанған кедей түнімен көз ілмей, таң қылаң бергенде қонағын түртіпті.
- Тұрыңыз, қораз шақыратын уақыт болды...
- А? Қораз бар ма еді, онда тағы бір-екі күн сорпаланып әл жинай түсейін, - деп мейман теріс аунап түсіп, қайта қорылға басыпты.

Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1448    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 23:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30