Сен тұр - мен айтайын!

Адам - ажалдан да, індеттен де ақша жасап, дүние табатынын сонда білдім

  • Адам - ажалдан да, індеттен де ақша жасап, дүние табатынын сонда білдім

    Адам - ажалдан да, індеттен де ақша жасап, дүние табатынын сонда білдім

Былтыр, осы бір атың өшкір індет елдің шетіне келді дегеннен-ақ, бір үрей болды ғой бəрімізде. Алдын- ала хабарлап, қанша адам ауруға шалдығып, тіпті, қанша адам қайтыс болатынына дейін біздің көріпкел билік біліп отырды.
Аламан қала - Алматыны тастап, жансауғалаған халық ауылдарына кетті.
Қаңыраған қала, жым- жырт көше.
Хош, сонымен төрт дуалға қамалды халық. Пəлен адам жазылды десе, балаша қуандық. Пəленбай адам жан тапсырды десе, ет- жүрегіміз езіліп шарасыз хəлде отырдық.
Шыбындай жанымызды сақтау үшін не істемедік, не істемей жатырмыз.?!
Індеттің алдын алады дегеннің бəрін қолдандық. Имбирьді нанша шайнап, сарымсақсыз ас ішпейтін болдық. Пенделік дегенді қойсайшы бұл. Ауру қай жағымнан кеп қалады деп отырғанда, сатушылардың бағаны сонша аспандатқанын айтам да. Дəріханалардағы кезек, біржапырақ бетперденің табылмауы.
Адам - ажалдан да, індеттен де ақша жасап, дүние табатынын сонда білдім.
Айтайын дегенім, əлгі аты жаман ауру бізді де айналып өтпеді. Бізді дегенім, бір аулада кəдімгі пəтер жалдап тұратын 5-6 қазақ отбасы.
Күркілдеп жөтелеміз. Тамаққа тəбет жоқ. Ауызда дəм жоқ. Дəрі- дəрмек ішіп, укол салдырып əрекет жасадық.
Бір- біріміздің үйімізге кірмей, алыста тұрып хəл сұрасамыз көршілермен.
Содан бір күні, көрші келіншек;
- Əпке, инста да бір дəрігер жаттығулар көрсетіп жатыр. Сізге сілтемесін жібердім" деді.
Басында соншалықты мəн бермеген едім. Кейін, қатты ауырған көршімнің көзінен- тіршілік, жүзінен - нұр көрген соң, мен де сол дəрігердің жасаған жаттығуларын жасап бастадым.
Шынында да, үлкен көмегі болды. Арқамдағы тұтасып тұрған зілдей нəрседен құтылдым. Екі өкпемді біреу алақанына сап қысып жатқандай, дем алуым қиын еді. Одан да біртіндеп айыға бастаған соң, сол дəрігердің əрбір видеосын күтіп отыратын болдым.
Көпке көмегі тиіп, бірге жылап, бірге күліп халықтың амандығы үшін шырылдаған сол дəрігер қыз - #Айна__Бакеева екен.
Қазір, жұмыста болсын, үйде болсын қолым қалт етсе, Айнаның пайдалы жаттығуларын жасауды тоқтатқан емеспін.
Жақында, марқұм Қ. Атжанның көзжұмардан бұрынғы жазған жазбасын оқып, "əттеген-ай, осының арты не болар екен" деп ойлаған едім.
Жарқ етіп біреу елдің сөзін сөйлесе, жарғақ құлағы жастыққа тимейтін жатыпатарлар сылтау іздей бастайтын əдеті бар ғой.
Марқұмның жазбасын іліп алып, сотқа өткізіп, тексеру жасап Айнаны аялаған халықты алаңдатып жатыр.
Бұрыннан денсаулығында кінəраты бар шығар, əрі, ауруды өршітіп алған кезіне сəйкес келді ме екен?
Бакеева сатурациялық жаттығуларды ешкімге мəжбүрлеп жасатқан жоқ. Керек еткен адамдар өздері жасады саналы түрде.
Бұл не деген əділетті Қазақстан))
Ауруханада жан тапсырғанның бəрін кароновирустан өлді деп, жаназасыз көміп жатқанда істің ақ- қарасын тексерген біреу бар ма.?
Немесе, "дəрігер түнгі 2 де тұрғызып дəрі берді. Содан хəлім нашарлап барады" деп өлерінің алдын да жазба қалдырған қоғам белсендісінің өлімінің себебін анықтаған біреу бар ма.?
Бұл, вирустың тұсында да небір ойындар болып жатыр ғой.
Қарапайым қоғам, Айна сияқты "қазағым" десе жанын беруге даяр жандарға - зəру.
Тікелей эфирге шығып кеңесін беретін əрбір дəрігерді, тиімді ұсыныстары мен ұтымды ойларын айтатын əрбір медицина қызметкерлерін халық керек етеді.
Айнаға, Айна сияқты ақ айдын пейілімен халыққа кеңес беріп жүрген кез- келген ақ қалатты абзал жандарға тиіспеңдерші.
Аман болайық,Қазағым!
Нурила Қоңырат




Көрілген: 1951    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.08.2021, 12:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31