Адам баласы, жақсылы-жаман істерімен өз өміріне нүкте қойуы бек-мүмкін

21 қазан 2019, 10:09

Адам баласы, жақсылы-жаман істерімен өз өміріне нүкте қойуы бек-мүмкін екенін естеріңізге салатын бір мысал.

Көлігің болғасын дөңгелекке жел беретін, жамап-жасқайтын (шиномонтаж) орынға жиі барасың.
Сол жерде жұмыс істейтін Бахытжан дейтін бір жігіт болған. Өзім қалада болмасам, кейде кейбір ұсақ-түйек жұмыстарымды атқаруға, таныс-жолдас ретінде өтініш жасап жүрдім.
Қалада болғанда ақшасында, ауылдан келгенде ет те, басқа да көмектерін айтқызбай беріп жүргенмін.
Жаяу жүрмесін деп, Тойота Ленд Крузер 78 көлігімді де «өлмесең қайтарасың» деген келісіммен бердім.
Қызықтың көкесі ол жігіттің маған бір күні 3.5 млн ға «қарызсың» деп әкелген тізімнен басталды.
Тізімді қарап отырсам, менімен бірге жүрген уақыттарын сағатқа шағып,оны ақшаға айналдырып әкелген ғой, масқара болғанда..
Бар ойы, менен алған көліктің ақшасын бермеу. Оны енді екеумізде ұғып тұрмыз ғой..
Қысқасы, менен қарызға алған көлігімді, өзіме қайта 3.5 млн-ға сатып кетті..

Сол ушлаган «бауырымның» май айы басында асылып өлгенін, бүгін басқа азаматтан естідім.
Өзіне қол салуы мүмкін емес адам еді. Тағы да біреулерді алдаймын деп «адамына кезігіп», көмектесіп жіберген-ау деп топшыладым.
Өйткені, кейінірек, ақшасы бар біреулерге автомойка саттырып алып, өзі сонда жұмыс істеп жүргенін көргенмін.
Артында ауыру болып қалған келіншегі екі баламен жесір қалды.

Тағы бір-екі мысал.
«Ойбай, көмектес, бізді сабап кетті.. » деп хабарласқан жолдастарына көмекке барған бір азамат сол жерде пышаққа түсіп өліп, артында баласы мен келіншегі қалса, екінші бір жігіт, жолдастары көмекке шақырған жерге барған жерде ұсталып, 16 жылға «кісі өлтіру бабымен» сотталып кетті.

Қорытынды.
Қазақтар! Әсіресе, жастар!
«Заңды білмеу, оның жауапкершілігінен босатпайды.. » делінген заңда тіркес бар. Алаяқтыққа, болмаса, заңсыз әрекеттерге барып, арандап қалмауға шақырамын.
Заңды білген адам оны бұзбайды, сақтайды.
Осыны ескеріңіздер

Тортуыл Шоқан

Фейсбуктегі парақшасынан